Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бергей Рысқалиев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот процесі жалғасуда

AstanaTV
08.09.2014ж. 20:00
1077
Бергей Рысқалиев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот процесі жалғасуда

Аты шулы Бергей Рысқалиев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот процесі жалғасуда. Бүгін жәбірленуші тарап, яғни Атырау облысы әкімдігінің ресми өкілі айыпталушылардан қосымша 30 млрд теңге өндіру туралы сотқа талап арыз түсірді.

Ержан Қабдешов, Атырау облысы әкімі аппаратының заңгер кеңесшісі:

Қосымша 30 млрд теңгеден астам қаржы өндіру үшін облыс әкімі аппараты атынан талап арыз бердім. «СнабОил», «БизнесКөмек» кіреберістердегі жолдарға, «Азия Маркет» су және газ жабдықтау, көпір құрылыстарына қатысты шығынды өтесін. Бұл талап арызды дайындауда салық басқармасы қызметкері мен «Алмас» ЖШС аудиторлық есептерінің қорытындысын негізге алдық.

Әкімдік өкілі дайындап әкелген арызын  судыратып  оқып беруден әрі аспады. Айыпталушылар мен олардың адвокаттарының сауалдары жауапсыз қалды. Сан адамның тағдырын арқалаған іске әкімдіктен жауапты тұлғаның келмегеніне залда отырғандар реніш білдірген. Айыпталушылардан қосымша 30 млрд теңге талап еткен жас шенеунік журналистердің де сұрағын құлаққа ілместен, көлікке міне сала, жылдам кетіп қалды.

Ал айып орындығында отырғандар әкімдік жағдайды жан-жақты зерттеместен, миллиардтарды қарапайым жандардың мойнына іле салды деген пікірде. Айта кетейік, 777 томнан тұратын қылмыстық істің сотта қаралып жатқанына 9 ай болды. Айыпталушылардың саны  22 адам. Бүгінде куәгерлерден жауап толықтай алынды.

Базаргүл ІЗІМОВА