$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Оралда киік атқан браконьерлер ұсталды

AstanaTV
09.09.2014ж. 10:00
Оралда киік атқан браконьерлер ұсталды

Батыс Қазақстан облысында киік атқан браконьерлер ұсталды. Ұрланып аңға шыққандарды «Охотзоопром» инспекторлары мен Жәнібек аудандық полиция қызметкерлері қолға түсірді. Ұсталған азаматтар облыстың Қазталов пен Жәнібек аудандарының тұрғындары болып шықты. Бес қаруы сай аңшыларды тексерген кезде олардан 17 дана киік мүйізі мен 5 туша табылды.

Тергеуалды тексеріс барысында ұсталғандар киіктердің мүйізін саудалау үшін аңға шыққанын мойындапты. Дегенмен, өз кінәсін мойындап, келтірген шығынды толығымен өтегендіктен, браконьерлерге берілер жаза да жеңілдетілді.

Элеонора Өтеғалиева, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз хатшысы:

Киіктерді жойғаны үшін кінәлі тұлғалармен 3 млн 333 мың теңге толық көлемде мемлекетке келтірілген залалдың орны толтырылды. Кінәсін мойындағанын және келтірілген залалдың орнын толтырғаны үшін ҚР ҚК 288-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс (заңсыз аулау) жеңілдетілген сотқа дейінгі өндіріс тәртібінде аяқталды.

Еркін ҚАРИН