$519.29 €613.28 ₽6.62
×

ҰҚК шекара қызметінің сарбаздары әскери жаттығулар өткізді

AstanaTV
15.09.2014ж. 13:00
1287
ҰҚК шекара қызметінің сарбаздары әскери жаттығулар өткізді

Қазақстан шекара қызметінің авиациясы кешенді қырып жою құралдарын жер үсті нысандарына қолдану бойынша дайындығын пысықтады. Боралдай авиабазасының ұшу құрамы «Қазақстан» полигонында шекара қызметі авиациясының жеке құрамы мен нұсқаушыларының даярлығын көп нысаналы Ми-8 және жаңа әскери модификациядағы Ми-171 тікұшақтарында байқап көрді.

Әскери дайындық бірнеше бағыттар бойынша жүргізілді. Жеке құрам күндіз және түнде ұшып, жаңа Ми-171 тікұшақтарының пулеметтеррін сынап, С-8 басқарылмайтын зымырандар мен П-50 авиациялық бомбаларын қолданды. Әскери іс-қимыл қортындысы бойынша шекара қызметі жеке құрамының әзірлігі мен біліктілігіне жоғары баға берілді.

Арман Ділдәбаев, ұшқыш-штурман:

Бүгін Қазақстан полигонында кешенді тексерулер өткізілді. Полигонда басқарылмайтын зымырандар, пулеметтар, тактикалық бомбалар қолданылды. Нысан жойылды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ

Алдыңғы жаңалық