Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Отандық автоөндіріс тоқырауы

AstanaTV
09.01.2016ж. 20:00
3826
 Отандық автоөндіріс тоқырауы

Отандық автоөндірушілердің жағдайы тағы да қыл үстінде. 2015 жылы қазақстандық машина жасаушылардың ішкі нарықтағы саудасы 50 пайызға дейін құлдыраған. Бір жыл бұрын Өскемен, Қостанай және Алматыдағы көлік өндірушілері 100 мың коммерциялық автомобильді  отандастырымызға сатқан. Ал қой жылында тұтынушылар негізінен орташа, шамамен 15 мың АҚШ долларына бағаланған көліктерге қызығушылық білдірген. Нәтижесінде былтыр өз елімізде құрастырылған көліктердің шамамен 40 мыңы өткен. Автонарық сарапшысы, экономист Шалқар Нұртілеуовтің мәліметінше, бұған өткен жылғы АҚШ долларының күрт қымбаттауы, Ресейдегі экономикалық дағдарыс пен өзге де макроэкономикалық факторлар әсер еткен. Ал алдағы жыл отандық зауыттар үшін  тоқырау кезеңі жалғасады. Тіпті елдегі кейбір зауыттар тоқтауы да мүмкін. Бұл дағдарыстан  теңгенің тұрақталуы мен мемлекеттің қолдауы ғана құтқармақ. Десе де  зауыттар орташа сегментті, сұранысқа ие шетелдік брендтерді әкеліп жинауды оң жолға қойған. Нарықта орныққан ірі ойыншылар автосалондарды автомобильмен қамтамасыз етуді жалғастырады. Ал ұсақ диллерлер және бөлшек саудамен айналысатын ритейлерлік компаниялар үшін биыл қиын.

Шалқар Нұртілеуов,  автонарық сарапшысы PWC Қазақстан:

Зауыттар мына орташа сегменттегі арзандау көліктерді жинауға тырысады. Ал енді автонарықтағы зауыттар жабылады иә болмаса, өз қызметтерін тоқтатады деген болжам айтуға ерте.  Ресейде болып жатқан дағдарысқа байланысты, онда 30 пайызға жуық зауыттар банкротқа ұшырағаны білеміз.  Бізде де бұл күтіледі. 

Соңғы бес жылда Үкімет автоөндірушілер арасында «отандық үлесті»  арттыру межесін белгіледі. Бірақ ол әрине, толыққанды жүзеге аспады. Себебі автомобиль жасаушылар барлық бөлшектер мен компонеттерді сырттан АҚШ долларына немесе еуроға сатып алады. Яғни тікелей теңгенің долларға шаққандағы бағамымен тең болды. Оның салдары белгілі. Теңгенің девальвациясы бұл саланы бірден тұралатты, дейді автонарық қадағалаушылары. Жұрттың қалтасы туралы айту тіпті артық...