$520.93 €609.07 ₽6.68
×

АҚШ валютасының бағамы тағы да шарықтады

AstanaTV
11.01.2016ж. 20:00
1186
АҚШ валютасының бағамы тағы да шарықтады

АҚШ валютасының бағамы тағы да көтеріліп, тарихи антирекорд орнатты. KASE-нің күндізгі сессиясы көңіл көншітпейтін көрсеткішпен аяқталды. Бүгін бір көк қағаздың құны 357 теңге 66 тиынға тең болды. Саудаға 25 банк қатысып, сауда-саттық көлемі 87 млн 200 мың АҚШ валютасын құраған. Ақша айырбастау орындары шетел валютасын 359, кейбірі 360 теңгеден саудалап жатыр. Ал, еуроның құны 391 теңгеге жетті. Айта кетейік, таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 америка ақшасының ресми бағамы 355 теңге 52 тиын болған еді. 

Берік ХАСЕНОВ