Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Теңге бағамының тұрақсыздығы елдегі инвестициялық белсенділікті төмендетті

AstanaTV
11.01.2016ж. 20:00
1643
Теңге бағамының тұрақсыздығы елдегі инвестициялық белсенділікті төмендетті

Теңгенің шетел валюталарына қатысты тұрақсыздығы сырттан тартылатын инвестициялар көлемін қысқартты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «KAZNEX INVEST» өкілі мәлімдеді. Алмас Айдаровтың айтуынша, төл теңге құнының АҚШ валютасына қатысты арзандауы, елдің инвестициялық ахуалына екіұдай әсер еткен.

Алмас Айдаров, «Kaznex Invest» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Әлемнің өзге елдеріндегідей Қазақстанда да инвестиция тарту белсенділігі төмендеді. Меніңше, инвесторлардың девальвациялық тәуекелі мен қорқыныштары артта қалды. Осы жылы барлығы ашық, анық болуы тиіс. Арнайы экономикалық аймақтар бойынша жобалардың кейбірі қымбаттайды, оны инвесторлар біліп отыр. Ал ол жобаларды шетел валютасымен есептеген инвесторлар үшін, керісінше, жоба құны арзандайды. Сондықтан олар үшін жақсы мүмкіндік тумақ.

Елдегі 10 арнайы экономикалық аймақтың құрылысына 250 миллиард теңгедей қаржы салынған. Ондағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Дегенмен, мамандардың сөзінше, қазірдің өзінде өндірісі жолға қойылған нысандардың өзіндік құны 2 триллион 300 миллиард теңгені құрайды. Ал Астана арнайы экономикалық аймағындағы жобалардың кейбірі мемлекеттен салықтық жеңілдіктер алған.   

Азамат АЛДОҢҒАРОВ