Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповты қабылдады

AstanaTV
11.01.2016ж. 20:00
1441
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповты қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповты қабылдады. Кездесу барысында Мәжіліс қызметінің негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Парламенттің Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруда жемісті еңбек еткенін атап өтті. Яғни заңнамалық тұрғыдан жүргізілген жұмыстың нәтижелі болғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ депутаттарды маңызды міндеттердің күтіп тұрғанын, қазақстандықтардың әл-ауқаты соларды табысты жүзеге асыруға байланысты екенін айтты.

Айгүл ӘДЕПБАЙ