Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елімізде ДАИШ лаңкестері қолданатын «Telegram» мессенджері бақылаусыз қалған

AstanaTV
11.01.2016ж. 20:00
1338
Елімізде ДАИШ лаңкестері қолданатын «Telegram» мессенджері бақылаусыз қалған

Қазақстанда ДАИШ жиһадшылары қолданатын «Telegram» мессенджері бақылаусыз қалған. Бұл жөнінде арнамызға Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті өкілдері хабарлады. Ведомствоның баспасөз хатшысы Сәуле Мұқашева шетелдік сайттарды бұғаттауға қауқарсыз екенін айтады. Тек сот тарапынан рұқсат етілген жағдайда құзырлы органдар шектеу қоя алады,- дейді ол.

Сәуле Мұқашева, ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз хатшысы: 

Біз «Telegram»-ды бақылай алмаймыз. Себебі бұл қазақстандық ресурс емес. Тек сайтқа қатысты шағым түскен жағдайда немесе сот рұқсат етсе ғана, ісіне араласамыз. Дәл сол сияқты порно-контент, оппозициялық  сайттарға да шектеу қоя алмаймыз.

«Telegram»-ның жетекшісі, ресейлік Павел Дуров, Сауд Арабиясы неліктен контентке шектеу қойғанын түсіне алмайтыны жайлы, әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазған. Айта өтейік, «Голос Америки» радиостанциясы Қазақстанда әрекетіне тыйым салынған ДАИШ лаңкестері «Telegram» мессенджеріне жаппай көшті деген ақпар таратты. Арнайы қызметтің хабарлауынша, содырлар мұнда өз қатарына қол жинап, лаңкестік әрекеттерін жоспарлайды. Вашингтондық «МЕМРИ» мониторингтік тобының жетекшісі Стивен Сталинскидің айтуынша, соңғы бірнеше күн ішінде тәліптер де «Telegram»-да өз аккаунттарын ашқан. «Мессенджердің ДАИШ пен «Әл-Каида» арасында  кең қолданыс тапқаны сонша, тіпті Twitter-ден асып түсті», - дейді маман.

Стивен Сталински, «MEMRI» мониторингтік тобының жетекшісі, Вашингтон:

«Қазан айынан бастап жиһадшылар отыратын «Telegram»-ның қолдануын жіті бақылауда ұстап келеміз. Париждегі терактілерге дейін жүктемені қолданушылар саны мейлінше артты»

Ресей де месенджерді бұғаттамақ. РИА Новостидің хабарлауынша, өткен апта соңында мемлекеттік дума депутаттары Федералды қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортникке сұрау салған. Егер сайтты террористер жаулап алғаны расталса, оған шектеу енгізілсін, деген талап қойды.

Айта өтейік, кибер кеңістікке арналған «Telegram» қосымшасы 2014 жылы қолданысқа енді. Оған тіркелгендердің аты-жөндері құпия сақталады. Жазылған хабарламаларды автоматты түрде жоюға мүмкіндік бар. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА