$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қостанайда су жағалауынан табылған мал өлекселеріне байланысты мәлімдеме жасалды

AstanaTV
24.09.2014ж. 10:00
1215
Қостанайда су жағалауынан табылған мал өлекселеріне байланысты мәлімдеме жасалды

Қостанай облысы «Қаратомар» су қоймасының жағалауынан табылған ірі-қара малдардан жұқпалы індет анықталған жоқ. Бұл туралы Қостанай облысының Бас ветеринарлық дәрігері мәлімдеді.

Еске салайық, жағалауда жатқан жануарлар жайында видеоны облыс тұрғындары таспаға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген болатын. Мамандардың айтуынша, тайыншалар суға батып, тұншығып өлген. Сондай-ақ, жақын маңдағы ауылдан жоғалған малдың иелері де анықталды, - дейді. Олар он күннен бері сиырларының жоғалып кеткенін айтыпты. Жағалаудан табылған өлекселерді зертханалық сараптамадан өткізген ветеринарлық сала өкілдері, ешқандай жұқпалы індет таппаған.

Берікжан Қайыпбай, Қостанай облысы бойынша Бас мемлекеттік ветеринарлық дәрігер:

Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін одан алынған материалдарды ветеринарлық зертханаға жібердік. Бүгін-ертең оның нәтижесі болғанда, егер жаман жағдай болып қалса, біз хабарлаймыз. Бірақ алдын ала өлексені ашып қарағанда, оның ішінде жұқпалы аурулардың жоқ екендігі анықталды.

Заңғар САНАЙ