Тұтынушылар ұлттық лигасының жүргізген
зерттеу жұмыстарынан кейін астаналық кейбір сауда орталықтары ұйымға
қоқан-лоққы көрсетіп отыр. Зерттеу қорытындысы
елордалық супермаркеттердің басым көпшілігі жоғары нитратты көкөніс пен
жеміс-жидек сататынын анықтаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Светлана
Романовская «Астана» арнасына берген сұхбатында айтты.
Пияз, шабдалы, қарбыз және қауындардың
құрамынан нитрат мөлшерінің нормадан 3 есеге артық екені анықталған. Өнім бойынша шағымдарды Тұтынушылар ұлттық лигасы сауда
орталықтарына жолдаған. Алайда, әзірге тиісті жауап
алған жоқпыз, - дейді Светлана
Романовская. Керісінше, тексеру қорытындысымен келіспегендері
қорқытып жатса керек.
Светлана Романовская, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты,
«Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Мен мына жерде нитраттардың адам ағзасына қалай әсер ететінін білу үшін Денсаулық сақтау министрлігі сауал тастау мәжбүр болдым. Біздің азаматтарымыз өз ақшасына денсаулығына зиян келтіруі
мүмкін өнімді сатып алады. Шағымдарымызды тиісті жерлерге жолдадық, бірақ жауап
жоқ. Жалғыз-ақ жауап "Рамстор"-дан келді, «сіздердікі дұрыс емес» деп қорқытып
жатыр бізді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ