Қазақстандықтардың алғашқы легі
қажылық сапарға аттанып кетті. Бүгін
Шымкенттен 200-ден астам адам қажылыққа жол тартты. Жалпы,
биылғы жылы елімізден 5 мың адам 5 парыздың бірін өтеуге барады. Жыл сайын ниет
еткен отандастарымыздың саны артуда.
Мәселен, өткен жылы 4 мың адам
қажылығын өтеген. Қажылық миссиясына білікті
дәрігерлер мен 25 имам бөлінген. Олар құлшылықты дұрыс орындау шарттарын
түсіндіріп жүреді.
Илхам ИБРАГИМ