$521.53 €601.01 ₽6.43
×

Бауыржан Әбдішев Президент сынынан соң лауазымынан босаған еді

AstanaTV
24.09.2014ж. 20:00
955
Бауыржан Әбдішев Президент сынынан соң лауазымынан босаған еді

Қарағанды облысын 1,5 жылдай басқарған Бауыржан Әбдішев биылғы жылдың маусымында қызметінен босатылған-ды. Экс-әкімнің жұмысы өңірдегі бизнес өкілдерінің көңілінен шықпаған сыңайлы. Олар Бауыржан Әбдішевтің тарапынан жер қатынастары бойынша заңдардың бұзылуына қатысты шағымданған.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысына жасаған сапары кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Бауыржан Әбдішев тап осы жер мәселесінде заңсыз әрекеттермен айналысқаны үшін лауазымынан босатылатынын мәлімдеген еді.

Бұрынғы әкімнің жұмысын сынға алған Президент, облыста жер телімдері белгілі бір кәсіпкерлік субъектілерге заңсыз беріліп, басқа бизнес өкілдеріне зиян келтірілгенін айтқан.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА