Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Саяси науқанға дайындық Атырау облысында да қарқынды жүріп жатыр

AstanaTV
01.03.2016ж. 20:00
1474
Саяси науқанға дайындық Атырау облысында да қарқынды жүріп жатыр

 Атыраулықтар үйден шықпай-ақ, қай сайлау учаскесінен дауыс беретінін алдын ала Call-орталыққа қоңырау шалу арқылы біле алады. Сондай-ақ, 20-шы наурыз күні халыққа қызмет көрсету орталықтары аймақтағы 160  сайлау учаскесіне онлайн жүйеде қызмет көрсетуді көздеп отыр. Бұл туралы бүгін облыстық сайлау комиссиясы төрағасы "Астана" телеарнасына берген сұқбатында айтты. 

Асау Ибрашев, Атырау облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы: 

Сайлау учаскесіне келгеннен кейін  келесі бөлмедегі интернет жүйесі арқылы халыққа қызмет көрсету орталығынан өзінің мекен-жайы жөніндегі ақпарат қағазын алады да, құжатын алып, дауыс береді осындай біз мүмкіншілік жасап жатырмыз.

 Жылпы Атырау облысында 302 мыңнан астам сайлаушы бар, оларға 20-шы наурыз күні 234 сайлау учаскесі қызмет көрсетеді. Сайлаушылардың тізімі де жасалған. Жергілікті барлық деңгейдегі мәслихатқа тіркелген 414 кандидаттың 275-і өзін-өзі ұсынғандар.  

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ