Құрама Штаттар Украинаға қол ұшын соза
бастады. АҚШ президенті Барак Обама Украинаның
әскери қажеттіліктеріне 25 миллион доллар бөлуге бұйрық берді. Бұл туралы Ақ үй
сайтында орналастырылған меморандумда жазылады.
5 миллион доллар украин әскерилерін
дайындауға, ал қалған 20 миллионы қару-жарақ алуға жұмсалмақ. Бұл - АҚШ-тың Украинадағы дағдарысты шешуге қосқан үлесі деп
түсіндірілуде. Қыркүйектің 18-і күні Украина президенті Петр Порошенко АҚШ-қа
жұмыс сапарымен келіп, Конгресс алдында сөз сөйлеп, президент Обамамен
келіссөздер жүргізді. Оның барысында Порошенко АҚШ тарапынан еліне
экономикалық, саяси және әскери көмек алу туралы келісімге қол жеткізген.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ