$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Әблязов қорғаушылары кезекті мәлімдемесін жасады

AstanaTV
26.09.2014ж. 10:00
946
Әблязов қорғаушылары кезекті мәлімдемесін жасады

Мұхтар Әблязовтің адвокаттары соттан өз қорғалушыларын қамаудан босатуды сұрап отыр, деп жазады «ИТАР ТАСС». Бейсенбі күні Лион қаласында өткен сот отырысында банкирді экстрадициялау туралы Украина мен Ресейдің өтініштері қаралған болатын. Сот барысында Әблязовтің адвокаты Брюно Ребсток, банкирдің 14 ай бойы қамауда отырғанын, бұл мерзім алдын ала қамау үшін тым ұзақ екендігін алға тартқан. Сот өтініш бойынша шешімді 6-шы қазанда шығарып барып, экстрадициялау мәселесін шешпекші.

Еске салайық, бұған дейін Франция соты Мұхтар Әблязовті экстрадициялау туралы Мәскеу мен Киевтің өтініштерін қарап, оны Ресей Федерациясына беру туралы шешім қабылдаған болатын, алайда Украина мәселесіне байланысты іс тоқтатылды. Сәйкесінше, Украина билігі Мұхтар Әблязов ісі бойынша Ресейге көмектесуден бас тартты. Бұл туралы ел президенті Петр Порошенконың өзі айтты.

Еске салайық, БТА-банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа Қазақстан, Ресей мен Украина да іздеу жариялаған. Оған алты миллиардтан астам долларды жымқырды деген айып тағылып отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ