Ақтөбе облысында биыл жиналған егіннің
30 пайызы жарамсыз. Ауа райының қыңыр мінезінен диқандардың еңбегі зая кетті,
дейді салаға жауаптылар. Жазғы қуаңшылық
арпа-бидайды күйдіріп, төккен тер далаға кеткен.
Биыл облыс бойынша шамамен әр
гектардан 4 жарым центнер өнім түскен. Өткен жылдармен салыстырғанда, бұл
көрсеткеш әлдеқайда төмен. Бірақ, бұл мәселе аймақты нанмен қамтамасыз етуге
ешқандай кедерді болмайды, деп сендірді сала мамандары.
Мемлекеттік қордан қажетті астық бөлу
туралы келіссөздер басталып кеткен көрінеді. Ауыл
шаруашылығы басқармасы мамандары енді аудандардың табиғат ерекшлеліктеріне көңіл
бөлмекші. Егін шықпайтын елді мекендерге мал шаруашылығын дамытуды ойластыруда.
Асылхан Абтиев, Ақтөбе облыстық Ауыл шаруашылығы
басқармасы егіншілік бөлімінің басшысы:
Салаларын өзгертейін деп жатырмыз. Мысалы, кейбір аудандар бар, мал
шаруашылығы аудандары деп бағыттап жатырмыз. Ол
жаңағы Ырғыз ауданы, Шалқар ауданы, сосын Ойыл ауданы мен Байғанин ауданы. Және шет жағасы Темір
ауданы мал шаруашылығы дамысын деп жатырмыз. Ал, қалған аудандар дәнді дақылдар.
Мансұр ЕСҚОЖИН