Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев
әлемдік теннистің аңызы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы - Рафаэль Надаль мен
француздық атақты тенисші - Жо-Вильфрид Тсонгамен кездесті.
Кездесу барысында «жер төсемнің
патшасы» Қазақстан Президентіне өзінің қолтаңбасы бар ракеткасын тарту етті. Сондай-ақ, шақырту үшін алғысын
білдірді. Президент спортшылардың елімізге келуі тенис спортының жаңа деңгейге
көтерілуіне әсер ететінін атап өтті. Кездесуден соң Елбасы Надаль мен Тсонганың
қазақстандық жас теннисшілерге берген шеберлік дәрісі мен өзара жолдастық
ойынын тамашалады.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Сегодня это
большое событие для развития тенниса. В этом мы с Испанией не можем сравниться. Но наша ассоциация может проявить отношение и начнем тренировать.
Рафаэль Надаль:
Но, я думаю, господин Болат делает невероятную работу по достижению этой цели.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ