$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Елордада 10 күннен кейін тұрғын үйлерге жылу беріле бастайды

AstanaTV
26.09.2014ж. 20:00
1066
Елордада 10 күннен кейін тұрғын үйлерге жылу беріле бастайды

Астанада жылу беріле бастады. Күн күрт суытатын болса, алдағы дүйсенбі күні әлеуметтік мекемелер жылуға толықтай қол жеткізеді. Жылу маусымына дайындық шараларына байланысты өткен жиында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов осыны мәлімдеді.

Шаһар басшысының айтуынша, қала жылыту маусымына толық дайын. «Жылу беру қазірдің өзінде басталып кетті. 29 денсаулық сақтау нысанының 14-і, 64 балабақшаның 51-і жылу жүйесіне қосылды. Келесі аптадан бастап жылу беруді ұлғайтамыз», - деді әкім. Сондай-ақ, ол аудан әкімдеріне тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін ұйым жетекшілерімен жиналыс өткізіп, туындаған мәселелерді тиімді шешуге тапсырма берді. Баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, қазірдің өзінде 2,115 көп пәтерлі тұрғын үйдің 2086-сында жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталған.

Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:

Егер 28-қыркүйек күні күн суытатын болса, ауа температурасы төмендеп, жауын жауса, онда біз 29-қыркүйекте, яғни дүйсенбі күні жылу беруге дайынбыз. Сондықтан, біз осы күнді ыңғайлап отырмыз. Ал 10 күннен кейін біз тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін боламыз.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ