$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Астанада үй тонау ушығып тұр

AstanaTV
26.09.2014ж. 20:00
1265
Астанада үй тонау ушығып тұр

Астана қаласы мен шаһар маңындағы елді мекендерде соңғы бірнеше айда үй тонау қылмысы ушығып тұр. Ұрылар үй иелерінің жұмысқа кеткенін пайдаланып, тапа-тал түсте пәтерлерді тонауға әбден машықтанған. Құныққан қарақшылар, тіпті қожайындары ұйқыда жатқан үйге түн ортасында кіріп, дүние-мүлкін қолды қылудан да тайынбайды. Сарыарқа ауданында бір көшенің өзінде 3 айдың ішінде онға жуық үй тоналды. Алайда, қылмыскерлер әлі күнге дейін жазасын тартпаған.

Тыныштық Сүлейменова, жәбірленуші:

Мына есіктердің барлығы ашық жатыр шалқасынан. Сосын ол кісі мына жерде тұрып қалды, ана адамның несін көріп қалды ғой деймін, "стой" деп айқайлады. Айқайлағанша болған жоқ, мен артынан жүгіріп шықтым, бірақ ешкімді көре алмай қалдым. Келсем, мынау телевизорды артындағы кронштейнымен бірге жұлып алыпты.

Ғалым Қосмұратов, Астана қаласы Сарыарқа аудандық ІІБ тергеушісі:

Қылмысты ашып, оны уақытылы тергеп сотқа жіберу, ол тергеушінің қолында тұрған жоқ.

Ұстатпайтын үй үптеушілер Астанада қайдан жүр? Ұрлық-қарлық қалай тергеліп жатыр және жәбірленушілер неге наразы? Сенбі, 20:30-да «20:30. Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ