Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Қытайлық инвесторлар Қазақстанда 4 ірі жобаны жүзеге асыруы мүмкін

AstanaTV
12.01.2016ж. 20:00
1678
ЭКСКЛЮЗИВ: Қытайлық инвесторлар Қазақстанда 4 ірі жобаны жүзеге асыруы мүмкін

Қытайлық инвесторлар Қазақстандағы бірнеше ірі жобаға қызығушылық танытып отыр. Олар жол құрылысы бойынша 4 жобаны жүзеге асыруға мүдделі. Бұл жөнінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі орталығының сарапшылары хабарлады. Олар "Бүкілқытайлық теміржол құрылысы корпорациясымен" келісімге келген. Бүгінде тиісті меморандумға қол қойылды.

Атап айтсақ, Алматы арқылы жүк таситын айналма темір жол салу, Шымкентте айналма жол төсеу, Шығыс Қазақстанның Күршім ауданындағы көпір құрылысы және Алматы қаласында жеңіл рельсті транспорт желісін салу жобалары. Төрт жобаның жалпы құны 200 млрд астам АҚШ валютасын құрайды. Отандық сарапшылар  қаңтардың 11 мен 14-і аралығында Бейжің мен Сиань қалаларында мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі арқылы іске асырылатын 10 шақты жобаны таныстырады. Арасында энергетика, телекоммуникация бойынша да жобалар бар.

Надира Мырзағалиева,  Қазақстандық МЖМС орталығының сарапшысы:

Бұл жобалар әзірге құжат жүзінде ғана. Биылғы жылдың соңында конкурстар өтеді. Құрылыс мерзімі әр кезеңге белгіленген. Екі жылдан үш жарым жылға дейін. 2020 жылға қарай толық аяқталуы мүмкін. Қытай инвесторларын құйылған қаражаттың бюджет есебінен қайтарылатыны қызықтырып отыр. Одан әрі ұзақ мерзім бойы пайдаланып, табыс табу мүмкіндігі тағы бар.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ