Құрылыс компаниялары үлескерлердің
қаржысын қалайда тарту мақсатында бірталай құйтырқы әрекеттерді ойлап табуда.
Солардың бірі - тұрғын үй құрылыс кооперативтері. Бұл жөнінде Жылжымайтын мүлік
агенттігінің сарапшысы Қайрат Исекеев айтты. Маманның
пікіріне сүйенсек, тұрғын үй кооперативтерінің атына заты сай емес.
Қайрат Исекеев, сарапшы:
Құрылыс компаниялары пәтерлерді
сатудың жаңа жолдарын ойлап табуда. Үлескерлер
туралы шарттың орнын тұрғын үй құрылыс кооперативтері арқылы инвестиция құю
келісімі басты. Іс былай жүреді: салынатын үйден пәтер алам деушілер бірігіп,
ақша жинайды. Сөйтіп, құрылыс компаниясының құрылтайшысына айналады. Нәтижесінде
үлескерлер сияқты ақшасын құйған пәтерлерді сатып алады. Бұл да заңды. Бірақ ол
«құрылысқа үлескерлер қаржысы тартылмасын» деген талапты айналып өту үшін жасалған айла.
Астананың өзінде
құрылыс барысында осындай құйтырқылықтарға жол беретін 40 шақты фирма бар
көрінеді.
Бақытжан Қашақов, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс
және қаржы институттарымен жұмыс басқармасының басшысы:
Мұндай фактылар бар. Қазіргі жасап жатқан ЖСК тұрғын үй құрылыс кооперативтері, я болмаса, "договора
инвестирования" дейді. Оның барлығы іс жүзінде заңсыз. Қазіргі құрылыс
компанияларына не керек, ешқандай рұқсат керек емес, тек қана ақшаға оңай жолмен жету, ал ар жағын ойламайды.
Ар жағын ойламайтын себебі, оларды
қысып тұрған заң жоқ. Тұрғын үй құрылысына
үлестік қатысу туралы заң жобасы әлі өз күшіне енбеген. Құжат әзірге мәжілістің
жұмыс топтарында талқыланып жатыр. Заң қабылданса, барлық құрылыс компаниялары
бір талаптарға бағынар еді, дейді шенеуніктер. Ал әзірге тұрғындарды күдікті
жарнамаларға алданып қалмауға шақырады. Өйткені, тұрғын
үй кооперативтерінің заң қабылданғаннан кейін де құрыла бермейтініне кепілдік
жоқ.
Бақытжан Қашақов, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс
және қаржы институттарымен жұмыс басқармасының басшысы:
ЖСК-лар құрылады.
Бірақ заң жүзінде құрылады. Егер ол ЖСК физ.лицо ретінде біреуге барып ақша
құятын болса, онда құрылмайды. Құрылысқа өздігінен барып, ақша құямын маған
салып беріңдер десе онда құрылмайды. Ол ЖСК егер қоғамдық ұйым болып
тіркеуден өтетін болса органдардан. Ол органдар енді қарайды ғой, қанша ақшалары
бар, бітіруге болады. Өзінің жері болса ол уақытта басқа сұрақ, басқа мәселе
болады ол.
Айгүл ӘДЕПБАЙ