$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ақтөбенің нан бағасы 5 теңгеге қымбаттауда

AstanaTV
26.09.2014ж. 20:00
1272
Ақтөбенің нан бағасы 5 теңгеге қымбаттауда

Ақтөбеде нан қымбаттайтын болды. Шаһардың 70 пайызын қамтамасыз етіп отырған наубайхана, әлеуметтік нанды 5 теңгеге көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы біздің арнаға қалалық әкімдіктің өкілдері хабарлады.

Бүгінде өнім наубайханадан 42 теңгеден шығады. Ал дүйсенбіден бастап сауда орындарына 47 теңгеден жеткізіледі. Ал, дүкендерде шамамен 55 теңгеден саудаланады.

Айта кетейік, сауда сөрелерінде бүгінгі баға - 50 теңге. Наубайхана бағаның қымбаттауын жанар-жағармай мен коммуналдық төлемдердің өсуімен түсіндірген.

Анар Даржанова, Ақтөбе қалалық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі:

Бұл мекеме тек қана нанды ғана емес азық-түлік қоржынына кіретін басқа да тағам түрлерін шығаруда. Соның ішінде макарон өнімдері, жармалар, жұмыртқа. Оның барлығы бүгінгі күні біздің өңірімізде республикадағы басқа обьлыстарға қарағанда ең төменгі бағамен сатылуда.

Е.ЖҮНІС