×

Оралда әлеуметтік нан наурыз айына дейін қымбаттамайды

AstanaTV
12.01.2016ж. 20:00
1931
Оралда әлеуметтік нан наурыз айына дейін қымбаттамайды

Оралда тұрмысы төмен отбасыларға арналған әлеуметтік нанның орнына жергілікті бюджеттен қосымша ақы төленетін болды. Осы мақсатқа 70 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы біздің арнамызға Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Қайрат Әбуов хабарлады.

Әлеуметтік нанды пісіретін наубайханаларға қажетті ұн өңірдегі тұрақтандыру қорынан босатылып, тұрмысы төмен отбасыларға нан 50 теңгеден сатылып жатыр. Облыстағы 93 наубайхананың 46-сы нанның осы түрін пісіреді, олардың бесеуі қалада орналасқан. Қордағы ұн наурыз айында түгесіледі. Одан кейін бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы мүшелерінің әрқайсысына қосымша ақы төленбек. Күні бүгін облыста 2911 адам атаулы әлеуметтік көмек алып отыр.

Қайрат Әбуов, БҚО әкімінің баспасөз хатшысы:

Әлеуметтік нан бағасы күрт қымбаттайды деп айта алмаймыз, әрі кетсе 60 теңгеден аспайды деген үміт бар. Енді атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға ай сайын 1 АЕК, яғни 2121 теңге көлемінде қосымша ақша төленеді. Олар осы ақшаға нан сатып ала алады.

Еркін КАРИН