$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Ерлан Науанов пен Денис Горбуновты жерлестері ақтық сапарға шығарып салды

AstanaTV
29.09.2014ж. 10:00
1375
Ерлан Науанов пен Денис Горбуновты жерлестері ақтық сапарға шығарып салды

«Талдықорғандықтар әуе апатынан қаза болған Ерлан Науанов пен Денис Горбуновты ақтық сапарға шығарып салды», деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Марқұмдармен қоштасу үшін қала тұрғындары І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайына жиналды. Бір минут үнсіздік жарияланып, табыттарына жабылған көк байрақ қаза тапқандардың жесірлеріне табысталды. Ерлан Науановтың сүйегі Талдықорған зиратында жер қойнына тапсырылды. Ал, Денис Горбуновтың мүрдесін өзінің туған жері Қостанай облысына арнайы рейспен алып кетті.

Еске салайық, 23-қыркүйекте, кешқұрым оқу-жаттығу кезінде Су-27 ұшағымен байланыс үзілді. Ізінше, оның апатқа ұшырағаны белгілі болды. Апат себептері әлі белгісіз. Осы оқиғадан соң елімізде Су-27 әскери ұшағын қолдануға уақытша тыйым салынды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА