$521.53 €601.01 ₽6.43
×

Қытай халық республикасы «Instagram»-ға тосқауыл қойып тастады

AstanaTV
29.09.2014ж. 10:00
1401
Қытай халық республикасы «Instagram»-ға тосқауыл қойып тастады

Қытай халық республикасы «Instagram»-ға тосқауыл қойды. Бұған Гонконгтағы жұртшылықтың қолданыстағы сайлау жүйесіне қарсы жаппай наразылық шараларын өткізуі себеп болған.

Қытай орталық билігінің саясатына қарсылық танытушылар, екі күн бойына қаладағы бизнес орталыққа апарар жолды оқшаулап, үкіметтік кешен аумағына өтпек болған. Арнайы әкімшілік аймақтың басшысы Сянган Лян Чжэньин сайлау реформасы жөнінде жаңа талқылаулар өткізетіндігіне уәде беріп, наразылық білдірушілерге заңсыз акция өткізуге жол бермеуге шақырды. Қазіргі таңда Гонконг жетекшілігін сайлаушылар алқасы сайлайды.

Ал активистер 2017-жылғы сайлау науқанына барша халықты қатыстыруды талап етуде. Олар шілде айында онкүндік онлайн референдум өткізіп, оған 800 мыңға жуық адам қатысқан. Алайда, ресми референдумды заңды күші жоқ, деп тапты.

Жұрағат БАМАН