$486.65 €524.46 ₽5.05
×

ҚР Парламенті Сенатына Ақтөбе облысынан Марат Тағымов сайланды

AstanaTV
02.10.2014ж. 10:00
1450
ҚР Парламенті Сенатына Ақтөбе облысынан Марат Тағымов сайланды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына Ақтөбе облысынан Марат Тағымов сайланды. 200 дауыс берушінің 19-ы кәсіпкер Серік Сағиевты қолдаса, көпшілік, яғни 181 дауысты облыс әкімінің орынбасары Марат Тағымов жинады. О баста орталық сайлау комиссиясына 7 азамат тіркелгенімен, бүгінге дейін сенатор мандатына үміткер боп тек 2-і қалды.

Облыстық және аудандық мәслихат депутаттары өз таңдауын тез жасады. Жаңа сенаторларды анықтау жұмысын байқауға ТМД елдерінің өкілдері мен БАҚ және қоғамдық бірлестіктер қатысқан болатын. Бас-аяғы бір сағат үш минут ішінде өткен сайлау жұмысына халықаралық байқаушылар оң бағасын беріп отыр.

Сергей Кузнецов, ТМД байқаушылары миссиясының өкілі:

Дауыс санау процесі бізді таң қалдырды. Жалпы біз сайлау барысының тез өткеніне таң қалдық. 2-2,5 сағатқа созылады деп ойлағанбыз. Әріптестерімізбен жылдамдық ережесін бұзғандығы үшін айыппұл салу керек деп әзілдеп те қойдық. Өйткені, кіріспе сөз бен дауыс беру, есептеуге небәрі 1 сағат 3 минут кетті. Бұл жылдам, әрі нақты атқарылған жұмыс болды.

Мансұр ЕСҚОЖИН