Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алматыда Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арнайы ұйымдастырылған көрме ашылды

AstanaTV
02.10.2014ж. 13:00
1595
Алматыда Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арнайы ұйымдастырылған көрме ашылды

«Қазақ киносының саңлағы». Осындай атпен Алматыда Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арнайы ұйымдастырылған көрме ашылды.

Көрме төріне режиссердің өмірінен сыр шертетін фотоматериалдар, құжаттары мен марапаттары қойылды. Одан бөлек, жеке заттары, сыйлықтарына орын берілген. Келушілердің қызығушылығын тудырған тағы бір жайт, ол - көзі тірісінде өзі жинаған коллекциялары болды. Бәкінің түр-түрі, оттық та бар. Ал, режиссердің фильмдеріндегі кейіпкерлер образдарына жасалған костюмдер мен сахна декорациясына арналған эскиздер алғаш рет көптің назарына ұсынылды.

Ғалия Теміртон, ҚР Мемлекеттік орталық мұрағатының ғалым-хатшысы:

Бұл көрме осы қазақ мемлекеттік музейі мен «Қазақфильм» киностудиясы бірлесіп ашып отыр. Көрмеде 100-ден астам осы Шәкен Аймановтың заттары қойылған. Бұл заттар әрине, Шәкен Аймановты, сегіз қырлы бір сырлы ағамыздың өмірдегі, кино және сахнадағы өмірбаянын көрсетеді, деп ойлаймыз.

Биыл «Қазақфильм» киностудиясына Шәкен Аймановтың есімі берілгеніне 30 жыл. Ал қазақ киносына 60 жыл толды. Режиссердің есімі Алматы қаласының бір көшесіне беріліп, өзі тұрған үйі мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған. Павлодар қаласында Шәкен Айманов атындағы кинотеатр жұмыс істейді. Алматы қаласында жыл сайын «Шәкен жұлдыздары» атты кинофестиваль өтіп келеді.