Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстан әскері жауынгерлік даярлықты жаңа деңгейге көтеруге әзір

AstanaTV
12.01.2016ж. 20:00
2117
Қазақстан әскері жауынгерлік даярлықты жаңа деңгейге көтеруге әзір

Қазақстан әскері жауынгерлік даярлықты жаңа деңгейге көтеруге әзір. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі ресми түрде мәлімдеді. Ақпарға сәйкес, Қазақстан Қарулы күштері 2016 жылы бірқатар ауқымды жаттығулар өткізуге қатысты тыңғылықты жоспар құрып жатыр. Алғашқы оқу дабылы соғылған жаттығу 9 қаңтарда өткен. Шараға Қарулы күштердің барлық құрылымы жұмылдырылды. Әуе қорғаныс күштерінің біліктілігі сынға түскен жаттығуда авиациялық техникадан бастап, қосымша аэродромдар да пайдаланылған. 

Әділбек  Алдабергенов, ҚР Қарулы күштері құрлық әскерилері бас қолбасшысының бірінші орынбасары:

Жаттығуға 40 мыңнан астам сарбаз, 1500 техника мен қару-жарақ қолданылды. Жеке құрамдар дайындықтың жоғары деңгейде екендігін көрсете білді. 2016 жылы Құрлық әскерлері «Шығыс», «Астана» аймақтық қолбасшылықтары Аэромобильді әскерлер бөлімдерімен бірігіп, «Айбалта-2016» жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр.

Қорғаныс министрлігі өкілдері мұндай ауқымды жаттығулардың берері мол дейді. Әсіресе, жауынгерлердің біліктілігін арттыруда маңызы зор. Әрі қазақ армиясының  деңгейінің қандай екенін көруге мүмкіндік бар. Тағы бір жаңалық - биыл Әскери теңіз күштеріндегі техникалар қатары ұлғаймақ. Ресейден заманауи құрылғылармен жабдықталған кемелер әкелінеді деген жоспар бар.

Қайыргелді Есенеев, ҚР ҚК ӘТК бас штабының басшысы: 

Алдағы уақытта бірқатар жоспарлы шаралар өткізуді қолға алып отырмыз. Бұл кемелерді дайындау, байланыс жүйелері мен басқару пункттерінің қатарын арттыру болып табылады. Сондай-ақ Санкт-Петербордан бізге минотральді кемелер жеткізіледі.