Әйгілі News Corporation
компаниясының негізін қалаушы медиамагнат Руперт Мердок 59 жастағы актриса және
супер модель Джерри Холлмен заңды некеге тұруға ниетті. The Times
хабарлағандай, қалыңдығына «құда түскенін» миллиардердің өзі растаған.
Болашақ жұбайлар алда болатын тойды
асыға күтуде.
Махаббат жас таңдамайды демекші, күйеу жігіттің жасы 84-те
болса, қалыңдығы 59-да. Бұл Руперт Мердоктың төртінші некесі. Ал актриса алғаш
рет күйеуге шыққалы отыр. 23 жыл бойы музыкант Мик Джаггермен азаматтық некеде
болған Джерри Холл енді миллиардермен заңды некеге тұратынына риза.