Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев
«Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсонды қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанның «Шеврон» компаниясымен
отын-энергетика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері сөз
болды.
Джон Уотсон компанияның қазіргі
қызметі мен еліміздегі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
Мұнан соң Президент
«Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің барлық мүшелерін қабылдады. Басқосуда
мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ компанияның
мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға қатысуы
туралы сөз қозғалды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев
«Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшелерін қабылдады. Кездесу барысында
Қазақстанның «Шеврон» компаниясымен отын-энергетика және инвестиция
салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. «Шеврон» компаниясы
Директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсон мемлекет басшысына компанияның
қазіргі қызметі мен еліміздегі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру барысы туралы
баяндады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА