 
            Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның экс-президенті Леонид Кучманы қабылдады. Бұл
туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында тараптар
Украинадағы ахуалға қатысты пікір алмасты. 
Мемлекет басшысы екі ел арасында
ежелден қалыптасқан достық қарым-қатынастың тиімді серіктестік негізде
дамығанын айрықша атап өтті. 
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның
Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін  қарастырып жатқанын айтты. Өз кезегінде
Леонид Кучма қос елдің түрлі салалардағы қарым-қатынасын бұдан әрі де дамыта
түсудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан мен Украина арасындағы өзара іс-қимылдың
жаңа деңгейге шығатынына сенім білдірді. 
Базаргүл ОТЫНШИЕВА