Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Үкімет республикалық бюджетке өзгерістер енгізуі мүмкін

AstanaTV
13.01.2016ж. 20:00
1375
Үкімет республикалық бюджетке өзгерістер енгізуі мүмкін

Үкімет бюджетті қайта қарап, түзету енгізуі мүмкін. Бұған мұнай бағасының үсті-үстіне төмендеп жатқаны себеп болмақ. Бүгін парламент қабырғасында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді. Оның айтуынша, мұнайдың баррелі 30-20 АҚШ валютасына дейін құлдыраған жағдайда, экономиканың өрбу тетіктері қаралмақ. Бірақ оның қандай тетіктер екенін министр нақтыламады.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Келесі аптада Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтеді. Сол жиында барлығын қараймыз. Ол жерде бюджетті қайта қарау мәселесі де сөз болуы мүмкін. Біздің бюджет АҚШ валютасы бағамы 300 теңге, мұнай баррелі 40 көк қағаз деген есеппен құрылған. Ал бүгінгі көрсеткіш - баррелі үшін 30 АҚШ ақшасы. 

Ал депутат Гүлжан Қарақұсова АҚШ валютасы алдағы үш айда қымбаттай түсетінін болжап отыр. Мұнай бағасының құлдырауы тоқтамаса, республикалық бюджетке түзетулер енгізу қажеттігі туындайтыны заңды деп атап өтті.

Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Қазір орын алып жатқан саяси, әскери жағдайларды ескерсек, алдағы үш айда валютаның өсімі жалғаса түседі. Өйткені мұнай бағасы тағы да саяси мәселеге айналып кетті. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ