Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтауда сұйылтылған газ құны тағы да көтерілді

AstanaTV
08.10.2014ж. 20:00
1138
Ақтауда сұйылтылған газ құны тағы да көтерілді

Ақтауда сұйылтылған газ құны тағы да көтерілді. Көгілдір отын бағасы 37-ден 45 теңгеге бір-ақ шарықтаған. Кейбір орындарда тіпті 50 теңгеден сатылуда. Монополияға қарсы күрес қызметінің өкілдері кәсіпкердің бұл қылығын алаяқтық деп атады.

Өңірдегі көгілдір отын тапшылығы газ өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарымен байланысты болуы мүмкін. Бүгінде газ едәуір аз көлемде сатылып жатыр. Осыны пайдаланған жеке кәсіпкерлер тиімді жол іздеп, бағаны өсіруде.

Шенеуніктер, бизнеске мораторий жарияланғандықтан, жағдайды реттеуге қауқарсыз. Алайда олар келесі жылдың қаңтарында кәсіпкерлер мен әкімдік арасында жаңа келісімдер жасалатынын алға тартады. Ақтаудағы газ құю бекеттерін аралап шыққан монополияға қарсы күрес мамандары мен әкімдік өкілдері кешке дейін баға өз қалпына, яғни 37 теңгеге қайта түсетініне сендірді.

Алтынбек Ақмырзаев, Маңғыстау облысы монополияға қарсы инспекциясының жетекшісі:

Бұл барып тұрған алаяқтық. Бірақ біздің қолымыздан ештеңе келмейді. Себебі мораторий жарияланған. Адал кәсіпкерлер бар, алаяқтары да кездесіп жатады.

Жұрағат БАМАН