Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Букмекерлік кеңселер қала сыртына немесе арнайы аймаққа көшірілуі ықтимал

AstanaTV
08.10.2014ж. 20:00
1280
Букмекерлік кеңселер қала сыртына немесе арнайы аймаққа көшірілуі ықтимал

Букмекерлік кеңселер казинолардың кебін киюі мүмкін. Олар қала сыртына немесе арнайы аймаққа көшірілуі ықтимал. Мұндай ұсынысты депутаттар білдірді. Алайда ойын бизнесі туралы заң жобасын таныстырған мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев мұнымен келіспейді. Айтуынша, ойын бизнестері үлкен шаһарлардың сыртына «ауа көшсе», көлеңкелі бизнес қызады.

Тастанбек Есентаев, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

Мен оған келіспеймін. Себебі осы букмекер ойындарын қаланың сыртына шығаратын болсақ, онда... көлеңкеге кетіп қалады олар.

Букмекерлердің көбі онсыз да көлеңкеде жүр. Ресми түрде олардың тек 700-дейі  тіркелген. Шын мәнінде, Қазақстанда екі мыңнан астам букмекерлік кеңсе қызмет көрсетуде. «Олардың әрекетіне  тыйым салу үшін, жаңа өзгерістер қажет», - дейді заң жобасын таныстырушылар. Мәселен, букмекерлік кассаларға салынатын салықты 75-тен 150 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру керек деген мәселе көтерілді. Бұдан бөлек электронды кассалардың салығын 125-тен 2000 АЕК-ке дейін көтеру жоспарланған.

Алайда депутат Тұрсынбек Өмірзақов бұған қарсылық білдірді. Онысымен қоймай, тіпті  кассалар санын көбейтуді сұрады. Ұсыныс, әлбетте, әріптестерінің наразылығын тудырды.

Тұрсынбек Өмірзақов,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «ҚКХП»  фракциясының мүшесі:

Возьмите тотализатор, 2-3 раза в неделю проходят скачки, приходят люди, и в течение получаса ставят 2000 тыс людей ставки, и как можно обслуживать через одну кассу - это же абсурдно. Каждую кассу облагать налогом.

Рауан Шаекин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан»  фракциясының мүшесі:

Я не хотел выступать, но после того, как увидел, как обновилась коммунистическая партия, которая призывает к расширению касс, как будто за хлебом в очередь стоит. Я за уменьшение этих касс, потому что они вредят молодому поколению.

Владислав Косарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «ҚКХП»  фракциясының жетекшісі:

Позиция Турсынбека Казеновича не выражает позицию партии. Я считаю, что в Парламенте рассматривать кому и где в карты играть вообще унизительно.

Қабиболла Жақыпов,  ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Хватит, наверное, наговорились, какой вопрос выносишь, раскол партий а то..

Қанша таласып-тартысса да, депутаттар әдеттегідей заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ал Тұрсынбек Өмірзақов букмекерлік орталықтар жылқы шаруашылығын, керек десеңіз, ауыл шаруашылығын дамытуға сеп болады деп тағы бір «тың жаңалықтың» шетін шығарды. Ол тіпті «ойын бизнесін тежеу туризмнің дамуына кері әсер етеді» деп те алаңдаумен болды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ