$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Көкшетауда облыстық ІІД-нде қаржылық қамту басқармасының бастығы өз-өзін атып өлтірді

AstanaTV
09.10.2014ж. 13:00
1160
Көкшетауда облыстық ІІД-нде қаржылық қамту басқармасының бастығы өз-өзін атып өлтірді

Көкшетауда ІІД-нің басқарма бастығы өз-өзін атып өлтірді. 37 жастағы подполковник Ерлан Назымбеков облыстық ІІД-інде қаржылық қамту басқармасын басқарған.

«Интерфакс Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, кеше кешкісін оның денесі өз үйінен табылған. Анықталғандай, ол басына тиген оқ жарақатынан қаза тапқан. Алдын ала болжам бойынша, бұл суицид болуы мүмкін, қазір оның себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұл ақпаратты Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі өкілі растады. Алайда, олар тиісті тексеру шаралары аяқталмайынша, қандай да бір нақты мәлімет берілмейтінін айтты.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ