Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырауда Рысқалиев тобының соты жалғасуда

AstanaTV
09.10.2014ж. 13:00
945
Атырауда Рысқалиев тобының соты жалғасуда

8 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін. Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты, прокурорлар осындай жаза мерзімін сұрады.

Он сегіз жылға бостандығынан айыру жазасы облыс әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет еткен Болат Дәукеновке қатысты сұралып отыр. Алайда экс-шенеуніктің адвокаты бұл жазаға келіспейтінін айтты. Өйткені, сот процесі барысында тағылған айып дәлелденген жоқ, деді.

Юрий Слинченко, адвокат:

Егер тәжірибеге сүйенсек мұндай өте ауыр жаза қылмыстың ең ауыры саналатын адам өлтіру қылмысына да кей жағдайда берілмейді. Сондықтан прокурорлардың он сегіз жыл сұрап отырғаны түсініксіз. Әрине, менің қорғаушым Болат Дәукенов мемлекеттік айыптаушылардың белгілі бір жағдайда жоғары мерзім сұрайтынын білді. Бірақ бұл мерзім күтпеген жағдай болды.

Айта кетейік, сот процессі бойынша, 1-ші қазанда жарыссөз басталған болатын. Соңғы екі күн прокурорлар айыптау қорытындысын оқыды. Айыпкерлер қатарында Болат Дәукеновтен басқа, облыс әкімінің тағы бір орынбасары болған Асқар Әбдіров, Атырау қаласының экс-әкімі Асқар Керімов, облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан Кенжебеков пен Энергетика басқармасының басшысы Бауыржан Жайсаңов бар. Бас-аяғы 22 адам айыпталуда. Бергей Рысқалиевке және тағы 8 адамға мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Базаркүл ІЗІМОВА