Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Павлодарда 24 көп қабатты үй жылудан қағылған

AstanaTV
09.10.2014ж. 13:00
1157
Павлодарда 24 көп қабатты үй жылудан қағылған

Керекуде 24 көп қабатты тұрғын үй жылудан қағылды. Өңірдегі «Жылу желілері» кәсіпорнының мәліметінше, 10 шақты үйдегі жылу жүйелерінде түрлі ақау шығуы салдарынан осындай қиындық орын алған.

Ал, 14 баспанаға пәтер иелері кооперативтерінің жүргізіп жатқан жұмыстары мен жаңғырту бағдарламасына байланысты жылу қосылмаған. Павлодардағы жылу құбырларының жалпы ұзындығы 407 шақырымды құрайды. Жоспарға сәйкес, жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Дегенмен, проблема азаяр емес. Мұны кәсіпорын өкілдері желінің тозығы жеткендігімен түсіндіруде. Айтуларынша, шаһардағы жылу жүйесінің 75 пайызы әбден ескірген.

Вадим Ковальчук, «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас инженері:

Павлодар қаласы бойынша жылу жүйесі толықтай қосылды. Бірақ, бүгінгі таңда 24 тұрғын үй жылусыз отыр. Көріп тұрғаныңыздай, мұнда апат орын алды. Сондықтан, баспаналарда жылу жоқ. Жұмыс жүргізіліп жатыр, бірер күнде жағдай оңалар деген ойдамын.

Жалпы, Павлодарда 1 мың 331 көп қабатты тұрғын үй бар. Қалалық әкімдік ауа райының суытуына орай жылу беру маусымын биыл жылдағыдан екі апта бұрын бастаған.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ