$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Теміртаулық суретші Лондонда өткен байқаудан алтын медаль иеленіп қайтты

AstanaTV
09.10.2014ж. 10:00
1141
Теміртаулық суретші Лондонда өткен байқаудан алтын медаль иеленіп қайтты

Теміртаулық суретші Алла Костенко әлемдік үздік нейл дизайнер атанды. Лондонда өткен байқаудан отандасымыз алтын медаль иеленіп қайтты.

Тырнаққа сурет салу шебері 33 елден келген 600 бақталасын басып озған. Гном, эльф, періштелер белгілі мультфильмдердің құйтақандай кейіпкерлерін нәзік жандардың тырнағына суреттеп салу асқан дәлдік пен төзімділікті қажет етеді. Қазылар барлық жағынан үйлесімділікті байқаған.

Әлемдік байқауда Шығыс Азия шеберлері ою-өрнекпен ерекшеленгісі келсе, еуропалықтар қарапайымдылықпен көзге түспек болған. Ал, қазақстандық дизайнер, ертегі кейіпкерлерін шебер суреттеп таң қалдырды. Көздің жауын алатын туындылар акрил мен гельден құйылады.

Алла Костенко, нейл-дизайн бойынша әлем чемпионы:

Кейіпкерлер образын таңдауға 2 ай кетті. Оларды суреттеуге 5 ай жұмсадым. Бірақ, адамға қуаныш әкелетін жұмыстан нағыз өнер туындысы шығады екен.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА