$447.08 €479.18 ₽5.53
×

Экс-әкім Б.Рысқалиев командасына 8 жылдан 18 жылға дейінгі жаза тағайындалуы мүмкін

AstanaTV
09.10.2014ж. 10:00
1373
Экс-әкім Б.Рысқалиев командасына 8 жылдан 18 жылға дейінгі жаза тағайындалуы мүмкін

Бергей Рысқалиевтің командасы 8 жылдан 18 жылға дейін түрмеге отыруы мүмкін. Прокурорлар соттан сыбайлас жемқорлық пен басқа да қылмыстарға қатысы бар деп айыпталып отырған экс-әкім Рысқалиевтің командасына осындай жаза беруді сұрап отыр.

«КазАқпарат»-тың хабарлауынша, облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукеновке ең жоғары жаза - 18 жыл, әкімнің тағы бір орынбасары болған Асқар Әбдіровке - 15 жыл, Атырау қаласының экс-әкімі Асқар Керімовке, облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан Кенжебеков пен Энергетика басқармасының басшысы Бауыржан Жайсаңовқа - 14 жылдан, қалған сотталушыларға - 8-10 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын беру сұралды.

Қазір Атырау облысының бұрынғы әкімі Рысқалиев ісі бойынша әлі сот қаралуда. Бас-аяғы 22 адам айыпталып жатыр. Экс-әкімге және тағы 8 адамға мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Илхам ИБРАГИМ