Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Мәңгілік ел» тұжырымдамасы үгіт-насихат бағытында қалып қоймауы керек

AstanaTV
10.10.2014ж. 10:00
2102
«Мәңгілік ел» тұжырымдамасы үгіт-насихат бағытында қалып қоймауы керек

Ұлттық идеямыздың түп қазығы - «Мәңгілік ел» тұжырымдамасы үгіт-насихат бағытында қалып қоймауы керек. Оны әрі қарай дамыту жолдарын қарастыратын кез жетті. Шымкентте бас қосқан саясаттанушылар осындай пікірде.

Ерлан Карин, саясаттанушы:

Мәңгілік ел көп жағдайда тек қана тарихи ретроспективалық тұрғыдан қаралады да, енді көбіне көп түріктердің заманында ең бірінші қолданылғаннан кейін көп біздің сарапшылар қате түсініп, тек қана тарихи контекстерде. Меніңше, бұны жәй ғана тек тарихи контекстерде қолданбау керек. Бұны, сонымен қатар бұл тұжырымдаманы саяси идеологиялық өлшемдерін де іздеу қажет.

«Мәңгілік ел» қазақ қоғамының бірлігін арттыратын, келешек дамуымызды анықтап, айғақтайтын ортақ платформа болуы керек», - дейді саясаттанушы Ерлан Карин. Тәуелсіздікті бабаларымыз сан мың жылдар армандап өткенін ескерсек, «Мәңгілік ел» біздің ұлттық идеямыз болатыны кәдік. Сондықтан, бір ұраннан екінші ұранға, бір идеядан екінші идеяға секіре беруден ұтылмасақ, ұтпасымыз анық. Бұл саясаттанушы Айдос Сарымның пікірі. Өкінішке орай, бүгінгі қоғамның қазақ және орыс тілді болып, екіге бөлінуі көп нәрсеге кедергі. Мемлекет елу жылдан кейін қандай болады? Сырттан көптеген тарихи, саяси және геосаяси концепциялар еніп жатыр. Сондықтан, бүгінгідей бейбіт тыныш күнде тың идеялар жасауымыз керек, дейді Айдос Сарым.

Айдос Сарым, саясаттанушы:

Орыстар айтады «орыс әлемі» дейді, «руский мир» дейді, «Еуразиялық идея» дейміз, басқа дейміз, осының бәрі сырттан келіп жатыр. Ал біздің қазақ қауымы өзімізге өзімізді біріктіретін бір жағынан, екінші жағынан, әлемге кәдімгідей ой беретін мынадай мемлекет бар, оның ұлттық идеясы осындай дейтін концепсияны әлі күнге дейін жасай алмай келе жатырмыз. Жылдан жылға концепцияларымыз ауыса береді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ

 

Алдыңғы жаңалық