$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Ерболат Досаев: Девальвацияның екінші толқыны болмайды

AstanaTV
09.10.2014ж. 20:00
1293
Ерболат Досаев: Девальвацияның екінші толқыны болмайды

Девальвацияның екінші толқыны болмайды. «Астана» телеарнасының сұрағына жауап берген Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай деді. Әйтсе де, бюджетті қысқарту мәселесінің қаралып жатқанын жасырмады. Республикалық бюджетті қай тұстан қысқартамыз деген сұрақтармен қазір арнайы жұмыс тобы айналысып жатқан сыңайлы.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Бюджетті қысқарту жағын қарап жатырмыз. Өйткені жалпы осы жылдың ішкі жалпы өнімнің өсуі параметрлерін өзгертсек, онда кіріс жағын да біз қараймыз. Үкіметке осындай өздеріміз не өзгерту керек қандай өзгерістер мына республикалық бюджетке енгізу керек, сол нормалармен шығамыз. Ал девальвация туралы айтсақ, жыл басынан айттық, коридор ішінде 42 ресей рубліне дейін ұстайтын күшіміз бар. Девальвацияны күтіп отырған жоқпыз. 

Ерболат Досаев Ресей экономикасындағы ахуалды бақылап отырғанын айтты. Министрдің сөзінше, көрші ел биылғы өсімін 0,6 пайызға жоспарлаған еді, алайда халықаралық қаржы ұйымдары оның белгіленген көрсеткіштен әлдеқайда төмен болатынын болжап отыр. Тіпті Ресей экономикасының өсімі 0,4 пайыз көлемінде болады деп топшылағандар да бар. Сондықтан қазақ Үкіметі шығындарды қайта қарап, алдын алу шараларын жүргізіп жатқан көрінеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ