$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Сербияда Эбола дертінің таралу қаупі салдарынан 708 адам карантинге жабылды

AstanaTV
10.10.2014ж. 13:00
1021
Сербияда Эбола дертінің таралу қаупі салдарынан 708 адам карантинге жабылды

Сербияда Эбола дертінің таралу қаупі салдарынан 708 адам карантинге жабылды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің сайты хабар таратқан.

«Вирустың таралуына жол бермес үшін 708 адам медициналық бақылауға алынды. Олардың 92-сі Эбола дертінің таралу қаупі бар аудандардан келді», - делінген хабарламада. Осыған дейін Эбола безгегіне шалдыққандар саны 8033, ал қаза тапқандардың 3879 адамға жеткені жайлы ақпар тараған. Ал осыдан бірер күн бұрын Эбола безгегінің Еуропаға ауыз салғаны айтылған еді.

Испанияда індет белгілері байқалды деген күдікпен ауруханаға жатқызылғандар саны 5 адамға жеткен. Еуропада ең алғашқы болып Эбола жұқтырған медбике испан шіркеуінің қызметкерлерін емдеген ақ халаттылар тобында болған көрінеді. Нәтижесінде дін қызметшісінің екеуі де көз жұмды. Медбикенің күйеуі де ауруханадан бір-ақ шыққан.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА