Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағандыда ерекше шырша пайда болды

AstanaTV
13.01.2016ж. 20:00
2697
Қарағандыда ерекше шырша пайда болды

Қарағандыда ерекше шырша пайда болды. Гоголь атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері жаңа жылдық шыршаны кәдімгі кітаптардан жасады. Оны құрастыруға екі мыңға жуық кітап қолданылған. Қазақ, орыс және шетел классиктерінің туындыларынан жасалған биіктігі екі метр шыршаның басына жұлдызшаның орнына бәйтерек орнатылған.

Әсем ойыншықтар ескі кітап беттерінен жасалыпты. Кітапхана қызметкерлері өз оқырмандарына сыйлық жасай отырып, тұрғындарды кітап оқуға ынталандырмақ болғанын айтады. Ерекше дүние кітапқұмарларды таң қалдырды. Қарағандылықтар оны тамашалап қана қоймай, суретке түсіп, фотоларын әлеуметтік желілерге салуда.

Нұрбала АХМЕТОВА:

Адамға керемет бір әсер қалдырады екен. Жанына келіп, жарты сағат айналып, әрбірін қарап, арасынан алып алғым келді. Әрине, алсам, бұзылып қалады ғой. Жаңа жылда әрбір үйде кітап көп болсын. Кітап оқитын балалар да көп болсын.

Светлана Головко, Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының бөлім меңгерушісі:

Бұл кітаптардың жартысы кітапхана қорында қалады. Қалғаны дәстүрлі кітапхана түнінде оқырмандарға таратылады. Кейбірі маусымда өтетін «Оқы, қала» акциясында тұрғындарға оқуға беріледі. 

Айжан ҚУАШ