Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Қазғарыш» ұлттық компаниясы айыпталушыларға арналған электронды білезіктер шығару ісімен айналыспақ

AstanaTV
13.10.2014ж. 13:00
967
«Қазғарыш» ұлттық компаниясы айыпталушыларға арналған электронды білезіктер шығару ісімен айналыспақ

«Қазғарыш» ұлттық компаниясы айыпталушыларға арналған электронды білезіктер шығару ісімен айналыспақ. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан 2017 жылға қарай түрмедегі адам санын азайтқан 50 елдің қатарына енбек. Осы орайда шартты түрде сотталған, не жеңіл айып тағылған азаматтарды түрмеге тоғытпай, электронды білезіктер тағу арқылы жүріп-тұруын шектеу үрдісі қолға алынғалы жатыр.

Прокуратураның есебінше, бүгінде елге барлығы 77 мың электронды білезік қажет. «Бұл мәселені ағымдағы жылдың 8 қазанында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев қарап, электронды білезік өндірісін «Қазғарышқа» тапсырды», - деді Асанов.

Жақып Асанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Бұл жобаны біз Ішкі істер министрлігімен бірлесе қолға алдық. Яғни, бүгінде айыпталушыларды түрмеге отырғызбай, электронды білезік қолдану тиімдірек, деп санаймыз. Біз осы мәселені реттеу туралы өтінішті үкіметке жіберген болатынбыз. Электронды білезіктерді қолданысқа енгізудегі мақсат - ең алдымен қылмыстық заңды ізгілендіру.

Жұрағат БАМАН