$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Келесі жылдан көлік құралын басқару сенімхаты мен техникалық байқау түбіртегі жойылуы мүмкін

AstanaTV
14.10.2014ж. 10:00
1368
Келесі жылдан көлік құралын басқару сенімхаты мен техникалық байқау түбіртегі жойылуы мүмкін

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралын басқару сенімхаты мен техникалық байқау түбіртегі жойылуы мүмкін. Бұл туралы Парламенті Мәжілісінде сөз сөйлеген Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шара мемлекеттік орган мен азаматтар арасындағы негізсіз шығындардың алдын алуға мүмкіндік бермек. Бұндай қадам жемқорлыққа қарсы шараға да жататын көрінеді. Мәселен, Еуропа елдерінде сенімхат мүлдем қолданылмайды. Оның орнына тек сақтандыру түбіртегі болса болғаны. Біздің ел де осындай жаңа стандарттарға бел бумақ.

Еске салайық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламенттің төртінші сессиясында техникалық байқаудан қолданыс мерзімі 7 жылдан асқан көліктерді ғана өткізу туралы тапсырма берген болатын.

Жұрағат БАМАН