Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Аушы құстарды мақтау мәселелері Алматыда өткен құсбегілер жиынында талқыланды

AstanaTV
13.10.2014ж. 13:00
1440
Аушы құстарды мақтау мәселелері Алматыда өткен құсбегілер жиынында талқыланды

Енді құсбегілік өнерді халықаралық талаптарға сәйкестендіру жұмыстары басталмақ. Әлемдік құсбегілер ұйымының президенті жақында елімізге келгенде осындай міндет жүктеген.

Бүгін Алматыда ұлттық спорт түрлерін біріктірген қауымдастық аушы құстарды сақтау, оларды пайдаланудың талаптарын мемлекеттік орган өкілдерімен ақылдасты. Жақында құстармен аң аулау және оны спорт саласында пайдалану үшін заң әзірленетін болады. Ол үшін Спорт және мәдениет министрлігінің өкілдері құсбегілер қауымынан кеңес алуға мүдделі. Бұл ортақ шаруаны ұтымды шешу үшін тараптар пікір алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Қазақстанда қолда бапталып, аң аулауға қолданылатын құстар саны тым азайып кеткен. Барлығы 122 жыртқыш құстың 99-ы ғана бүркіт. Ата-бабадан мирас болған саятшылықты жаңғырту үшін дала заңынан тыс халықаралық талаптарға да бағыну қажет, дейді сала мамандары. Бұл жұмыстың басы елдің қолындағы саят құстарын тізімге алып, төлқұжаттандырумен басталмақшы.

Бекболат Тілеуханов, ҚҰ Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:

Жыртқыш құстар, бүркіттер, ителгі мен сұңқарды біз екі мақсатқа пайдаланып жүрміз. Біріншісі - спорт, екінші - аңға саламыз. Осы екеуінің ара-жігін ажыратып алуымыз керек. Осыны бізге әлемдік қауымдастық талап етіп қойып отыр.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық