$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Леонардо Ди Каприо «Оскар» жүлдесін иеленді

AstanaTV
29.02.2016ж. 20:00
1927
Леонардо Ди Каприо «Оскар» жүлдесін иеленді

Леонардо Ди Каприо ақыры «Оскар» жүлдесін алды. Осылайша, 5 мәрте сәтсіз номинациядан соң, америкалық киноакадемия мүшелері Леоны «Оскар» мүсініне лайық деп шешті.

Бұл - 41 жастағы Ди Каприоның бірінші Оскары. Ол «Выживший», яғни «Оралған әруақ» фильміндегі басты рөлі үшін табысталды. Голливуд жұлдыздары да қуаныштарын жасыра алмады. Актерға орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

Бұл фильм үздік операторлық жұмыс пен режиссура үшін де марапатқа ие болды. Ең үздік актриса жүлдесі «Бөлме» фильмінде басты рөлді сомдаған Бри Ларсонға бұйырды. Ал ең үздік фильм ретінде «Басты назарда» картинасы танылды. 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах