$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ресей азаматтарының 47 пайызы соңғы жарты жыл ішінде банктерге сенімсіздік білдірді

AstanaTV
16.10.2014ж. 10:00
1581
Ресей азаматтарының 47 пайызы соңғы жарты жыл ішінде банктерге сенімсіздік білдірді

Ресей азаматтарының 47 пайызы соңғы жарты жыл ішінде банктерге сенімсіздік білдірді. «Синовэйт Комкон» компаниясымен жүргізілген сауалнамаға қатысқан азаматтырдың басым бөлігі банктердің ақпаратына сенбейтінін жеткізді.

2013 жылы олардың қатары 43 пайызды құраған. Ал 2014 жылдың қаңтар және шілде айлары аралығында банктердің қызметіне көңілі толмайтындардың саны күрт өсті. Соңғы уақытта халықтың басым бөлігі мемлекет қолдап отырған несие беретін мекемелерге сенім білдіре бастады. Бұл жағдай ағымдағы жылдың наурыз айында рубльдің күрт өсуіне байланысты болып отыр.

Бұдан бұрын қаржыларын банкте ұстаған азаматтардың басым бөлігі ақшаларын қайтарып алған. Осы жағдайды ескере отырып, банктер депозитке берілетін үстеме пайыз мөлшерін арттырды. Бұндай қадамға барғандар қатарында «Сбербанк» пен «ВТБ» банктері бар.

Самат ҚАНАҒАТОВ