Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда қалалық әкімдік бөлімдері кәсіпкерлердің аяғынан шалып келген

AstanaTV
16.10.2014ж. 10:00
1235
Атырауда қалалық әкімдік бөлімдері кәсіпкерлердің аяғынан шалып келген

Атырауда қалалық әкімдік бөлімдері кәсіпкерлердің аяғынан шалып келген. Анығырақ айтқанда, шағын және орта кәсіп иелерінің өтініштерін қарауды кейінге шегеріп, құқықтарын бұзған. Бұл жайында кәсіпкерлердің құқын қорғау туралы кеңестің кезекті отырысында айтылды.

Мысалы, Байшонас елді мекені тұрғындары облыс орталығына көшірілген кезде, ауылдағы екі жеке кәсіпкерге қаржылай өтемақы төлеуге уәде берілген. Алайда арада екі жыл өткен соң ғана кәсіпкерлер палатасының көмегімен қол жеткізді. Сонымен қатар, палата бір кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғауды тоқтатуға ықпал етіп, тағы бірнеше бизнесменді монополистердің заңсыз салынған айыппұлынан құтқарған.

Айта кетейік, палата құрылған бір жылдан бері кәсіпкерлерден 84 шағым түсіп, 61-і қаралған. 37-сі бизнес иелерінің пайдасына шешіліпті. Әсіресе, қалалық сәулет, жер қатынастары бөлімдері тарапынан кедергілер көп, - дейді кәсіпкерлер.

Асылбек Жәкиев, Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

Сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ жер қатынастары бөлімдеріне шағым көп. Кәсіпкерлердің айтуынша, осы бөлімдерге түскен құжаттар жоғалады. Жасырып қажеті жоқ. Бұл бөлімдердегі жағдай әбден ушыққан. Кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау үшін бұл іске «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, кірісіп жатырмыз.

Базаркүл ІЗІМОВА