$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандар би флеш-мобына ат салысты

AstanaTV
16.10.2014ж. 10:00
1488
Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандар би флеш-мобына ат салысты

Қостанайдағы ірі сауда орталықтарының бірінде мүмкіндігі шектеулі жандар би флеш-мобына ат салысты. Айрықша шараны «Үміт» қоғамдық бірлестігі алғаш рет өткізіп отыр.

Флеш-мобқа қатысушылар әуелі шетелдік әуендердің ырғағымен ширақ қимылдап, біркелкі билеуге тырысты. Кейін қазақтың «Қара жорғасын» нақышына келтіріп орындады. Бишілердің арасында арбаға таңылған таланттар да бар. Қаумалаған халық алдында қам көңіл жандар өзгелерден қалыспай, бойдағы өнерін, зор талпынысын құштарлықпен жеткізе білді. Алпыс адамнан құралған бишілер тобы бірден көпшіліктің назарын аударды. Игі шараның мақсаты да осы, - дейді ұйымдастырушылар.

Аруна Жақсығұлова, «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:

Біздің қоғамдағы адамдар осындай іс-шаралардың арқасында мүмкіндігі шектеулі жандардың өміріне жақынырақ болады.

Заңғар САНАЙ